ТЖМ және ІІМ "Газболлон" бірлескен жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр

24 Тамыз 2023, 14:52
738
Бөлісу:
ТЖМ және ІІМ "Газболлон" бірлескен жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде соңғы жылдары газ баллон жабдықтарымен жұмыс істейтін автокөліктердің саны едәуір өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртке қарсы қызмет комитетініңі мәлімдеуінше, осыған орай, адам өлімі мен материалдық залалға әкеп соқтыратын түрлі төтенше жағдайлардың туындау қаупі бірнеше есе артты.

Әсіресе жабық автотұрақтарда (тұрғын және қоғамдық ғимараттарға кіріктірілген және жапсарлас орналасқан) және сауда орындарының паркингтерінде газ баллонымен жабдықталған автомобильдердің өртенуі қауіпті.

Бұл ретте, мұндай өрттердің негізгі себептері газ баллон жабдығын "қолдан жасау тәсілімен" орнату, технологиялық процесті бұза отырып, жұмысты біліктілігі жоқ мамандардың жүргізуі, сондай-ақ тиісті қызмет көрсетудің болмауы болып табылады.

Сонымен қатар, Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес өзге мақсаттағы кіріктірілген және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық үлгідегі үй-жайлар мен паркингтерде автомобильдердің тұрағына жол берілмейді.

Осыған байланысты, газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бүгіннен бастап 26 тамызға дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп "ГАЗБАЛЛОН" профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Мүдделі мемлекеттік органдарды, ұйымдарды (жергілікті атқарушы органдарды, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палаталарын, волонтерлерді) және жұртшылықты тарта отырып, газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ жөніндегі заңнама талаптарының сақталуы тексерілетін болады.

Газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы "101" және "112"диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы