ТЖМ: Жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынады

14 Қараша 2022, 12:57
886
Бөлісу:
ТЖМ: Жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынады

Бұл туралы  Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылу беру кезеңінде тұрмыстық газды пайдалану күрделі мәселердің бірі болып отыр. Себебі, күні бүгінге дейін осы тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау кесірінен, талай отбасы қан жұтып отыр.

Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын ел аумағында табиғи және сұйылтылған газбен уланудың салдарынан отыздан
астам адам қаза болады, ал газ баллон жарылған кезде бір топ адамның өліміне әкеліп соғады. Азаматтардың ескірген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен баллондарды пайдалануы - жағдайды қиындатып отыр, - деді Марат Күлдіков.

 Сондай-ақ ол тұтынушылардың көпшілігі газ баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекеттерінде толтыратынын айтады.

Заңға сәйкес жанармай құю бекеттерінде тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салынады, бұл газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылады, - дейді ол. 

 Жыл сайын маусым басталғанға дейін министрлік әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп әлеуметтік осал санаттары тұратын тұрғын үйлердің санын есептейтінін айтты.

Пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін жыл сайын жылыту маусымы басталы, аяқталғанға дейін Министрліктің бөлімшелері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізіп, аралайды. Бүгінгі таңда сондай әлеуметтік осал санаттар тұратын 106 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы