ТЖМ вице-министрі Қорғас өзеніндегі сел ұстау бөгетінің құрылыс алаңында болды

18 Мамыр 2021, 17:44
1690
Бөлісу:
ТЖМ вице-министрі Қорғас өзеніндегі сел ұстау бөгетінің құрылыс алаңында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше әлеуметтік маңызы бар объектісін қорғайды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.          

Бүгін ол Қорғас өзені бассейніндегі «Шұқырбұлақ» сел ұстау бөгетінің құрылыс алаңында болды. Сондай-ақ «Қорғас-1» және «Қорғас-2» құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты. Марат Күлдіков нысандардағы құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін айтып, жауапты мамандарға тапсырма берді, - делінген хабарламада. 

Трансшекаралық Қорғас өзенінің жоғарғы жағындағы қазақстандық бөлігінде 116 мұздық және 36 мұздақ көл бар.          

Құрылыс жобасын әзірлеушілердің айтуынша, инженерлік-қорғау кешені Басқыншы ауылын, Қорғас ауылының оңтүстік бөлігін су басудан қорғайды. Сонымен қатар «Достық» гидроторабы және оның ирригациалық арналарын да қорғайтын болады.          

Құрылыс «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығының аумағын, теміржол және автомобиль көпірлерін, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолдарын, сондай-ақ Қазақстан-Қытай газ құбыры учаскесін қираудан, су басудан қорғайды.



Өзгелердің жаңалығы