ТЖМ Талапкер елді мекеніндегі су арнасына қатысты мәлімдеме жасады

5 Сәуір 2024, 02:00
1039
Бөлісу:
ТЖМ Талапкер елді мекеніндегі су арнасына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана маңындағы Талапкер елді мекеніндегі су арнасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі нәтижесінде Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесі шайылып кетті. Осы минуттарда ТЖМ күштерімен қапшықтарды екпінді жерге төсеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауға және құтқарушылардың нұсқауларын орындауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы