ТЖМ: Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге келер қауіп жоқ

6 Сәуір 2024, 00:22
4925
Бөлісу:
ТЖМ: Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге келер қауіп жоқ
Фото: Арман Мухатов -архив

Төтенше жағдайлар министрлігі Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге ғана қауіп бар. Жарылған су бөгеті көктем уақытында тасқын суды ұстап тұруға арналған. Сол үшін Қазақстанға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Су біздің аумағымызға кірмейді, - деп атап өтті ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында су бөгетінің жарылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы