ТЖМ: Қырғызстанда селден қайтыс болған балалардың денесі елге жеткізіледі

Қырғызстанда селден қайтыс болған балалардың денесі елге жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 29 Маусым 2024 2024, 23:52
29 Маусым 2024 2024, 23:52
1015
Фото: видеодан кадр

Қырғызстанда селден қайтыс болған балалардың денесі елге жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, Ош облысының Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқынының салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапты. Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады. Қырғыз құтқарушыларының күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесін пысықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ош облысындағы сел тасқынынан екі қазақстандық жасөспірімнің денесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Наверх