ТЖМ құтқарушылары Скала-2023 арнайы жаттығуларына қатысуда

4 Қыркүйек 2023, 04:41
478
Бөлісу:
ТЖМ құтқарушылары Скала-2023 арнайы жаттығуларына қатысуда
Фото: gov.kz

2023 жылғы 1-6 қыркүйек аралығында Беларусь Республикасының аумағында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖМ құтқару бөлімшелерінің бірлескен арнайы оқу-жаттығулары өтуде. Қазақстан Республикасы ТЖМ атынан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-жаттығулар Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының полигонында өтуде. Қатысушы елдердің құтқарушылары ауқымды төтенше салдарларды жою бойынша практикалық және теориялық кіріспені пысықтайды. 5 қыркүйекте өтетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша оқу-жаттығулардың демонстрациялық кезеңіне дайындалуда.

ТЖМ құтқарушылары Скала-2023 арнайы жаттығуларына қатысуда

ТЖМ құтқарушылары қираған ғимараттарда және теміржол апаты кезінде құтқару жұмыстарын жүргізудің тактикалық міндеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлары туындаған кездегі өзара іс-қимылдарыныңың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы