ТЖМ құтқарушылары Алматыдағы өртті сөндірді

Бөлісу:
ТЖМ құтқарушылары Алматыдағы өртті сөндірді
Фото: baq.kz

Бүгін Алатау ауданының Қарасу ықшам ауданында уақытша тұрғын үй құрылысында өрт шығып, от жеке тұрғын үйге ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күштерімен өрт 170 ш.м. алаңда сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы