ТЖМ құтқарушылары 11 баланы эвакуациялады

Бүгiн, 19:15
125
Бөлісу:
ТЖМ құтқарушылары 11 баланы эвакуациялады
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары 11 баланы құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қостанай облысы Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде облыстық маңызы бар «Әулиекөл-Жолдама» тас жолында жарысқа бара жатқан балалары бар екі автобус қар құрсауында қалды.

ТЖМ қызметкерлері автобустан жақын маңдағы Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне 13 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.

ТЖМ күштері 14 адам бар екі автобус пен жеті жеңіл көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығару жұмыстары жалғасуда.

Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы