ТЖМ қанша адамның мұз астына түсіп, қайтыс болғанын айтты

3 Ақпан 2023, 17:00
1099
Бөлісу:
ТЖМ қанша адамның мұз астына түсіп, қайтыс болғанын айтты
Фото: arbat.media.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгіленбеген жерлерде өткел және мұз астынан балық аулау жағдайларына жол беріледі, бұл өз кезегінде Ақмола, Атырау және Қызылорда облыстарында өлімге әкелген4 адам жағдай тіркелді. Сонымен қатар жүргізушілер көліктегі тыйым салу белгілерін елемей, мұз үстімен өтіп бара жатқан және мұз астына түсу фактілері бар. Мұндай 8 жағдай тіркелген. Атап айтқанда, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, ШҚО және Абай облысында орын алды. Салдарынан Абай облысы, ШҚО және Қызылорда облыстарында 3 адам шыға алмай, қаза тапты, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, былтыр күзде де көлік мұз астына түсіп кеткен жайттар болған. 

Мәселен, 2022 жылғы 28 қарашада Қарағанды облысындағы Нұра өзені арқылы мұз астына екі көлік түсті. Зардап шеккендер 9 адам, оның ішінде 2 бала, барлығы көліктен уақытында шығып үлгерді. 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында «Қызыл Ту» паром өткелі учаскесінде жеңіл автокөлігі мұз астына түсіп, 4 адам өз бетінше шығып, 1 адам қаза тапты, - деді Ибрагим Күлшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы