ТЖМ психологтары эвакопункттердегі тұрғындарға көмек көрсетуде

28 Мамыр 2024, 15:30
258
Бөлісу:
ТЖМ психологтары эвакопункттердегі тұрғындарға көмек көрсетуде
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырауда Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындар психологиялық көмек алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы ТЖД психолог мамандары ауыл тұрғындарымен ақпараттық сипаттағы әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, психологтар балалармен тренингтер өткізді. Іс-шаралар тұрғылықты жерінен орын ауыстырғаннан кейінгі балалардағы стрессті жеңілдетуге бағытталған.

Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД психологтары «Жедел желі» арқылы қажет болған жағдайда ақпараттық және психологиялық шұғыл көмек көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы