ТЖМ мен Экология министрлігіне қосымша тексеріс жүргізіледі

15 Маусым 2023, 13:52
995
Бөлісу:
ТЖМ мен Экология министрлігіне қосымша тексеріс жүргізіледі
Фото: автордан

Елдегі Төтенше жағдайлар және Экология министрліктеріне қосымша тексеріс жүргізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді.

Айтуынша, екі ведомствоға қосымша аудит жүргізілуі мүмкін.

Біз бұл мәселені тағы да талқыға салып, қосымша аудит жүргізу туралы шешім қабылдауымыз мүмкін. ТЖМ бойынша аудит аяқталған жоқ. Бірақ былтырғы Қостанайдағы өрт, биылғы Абай облысындағы өртті, оған ТЖМ мен Экология министрлігінің дайын болмағанын ескерсек, қосымша тексеріс жүргізіледі деп ойлаймын. Қосымша тексеріс жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдаймыз, - деп атап өтті палата басшысы.

Сонымен қатар ол Экология министрлігіндегі тексеріс аяқталды деп отыр. Бірақ кез келген тексеріс – жаппай емес, іріктеп жүргізілетіндігін ескертті.

Еске салайық, Абай облысындағы алапат орман өрті орын алды. 8 маусым күні басталған өрт бірнеше гектарға жайылып, өртке жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Өрттен 14 орманшы қаза тапты. Кейін өртті өшіруге аттанған тракторшы Сергей Архиповтің де денесі табылды.

Өзгелердің жаңалығы