Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керектігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, әрі тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске сала кетейік, бүгін, 6 наурызда сағат Алматыда тағы да 05:11-де тағы да жер сілкінісі сезілді.
4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінен кейін мегаполисте бірден дабыл сигналдары қосылды.
Сондай-ақ 4 наурызда сағат 12:54-те 2 балды құраған афтершок орын алған еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырымда, Қытай аумағында орналасқаны айтылды.