ТЖМ Экология министрлігі мен әкімдіктерге ескерту жасады

8 Тамыз 2023, 10:37
988
Бөлісу:
ТЖМ Экология министрлігі мен әкімдіктерге ескерту жасады
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов су тасқынына дайындық бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысында Есіл контррегуляторының құрылысын кешіктіруде, осыған байланысты осы уақытқа дейін мемлекеттік сараптама рәсімінен өтпеген жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бір жылға жуық жүргізілуде, – деді министр.

Министрдің айтуынша, тәжірибе көрсеткендей қарастырылған су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамау үлкен су тасқыны салдарына әкеледі.

Мәселен, биыл Батыс Қазақстан облысында 210 тұрғын үй, Ақтөбе облысында – 89 тұрғын үй, Қостанай облысында – 44 тұрғын үй су астында қалды. Ақтөбе және Батыс Қазақстан  облыстарында 46 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі 24 үй тұғызса, Батыс Қазақстан облысында - 16 үй салынды. Жалпы 1,3 млрд теңге жұмсалды. Жыл сайын ықтимал қауіп пен үлкен материалдық шығынға ұшырағанша, осы қаражатты күні бұрын алдын - ала ескерту үшін пайдалануға болатын еді, – деді ескертті Шәріпханов.

Оның мәлімдеуінше, жоспарлы құжаттардың орындалуына жүргізілген талдауды ескере отырып, бүгінгі күні су басу қаупі сақталуда.

Ақтөбе облысында су басқан екі елді мекеннің (Қобда, Қаратал) қалпына келтіру жұмыстары тек біреуінде ғана аяқталды. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында су басу фактілері жыл сайын арық жүйелерінің дайын болмауына байланысты тіркеледі.  Қостанай облысында жоспарланған Жол картасының 6 іс-шарасының тек үшеуі бойынша ғана жұмыс басталды, – деді Төтенше жағдай министрі.

Бұған дейін ТЖМ елімізде су тасқыны қаупі бар 1072 елді мекен бар екенін мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы