ТЖМ бөлімшесінің басшысы фельдшерден пара алғаны үшін сотталды

16 Қыркүйек 2024, 14:10
304
Бөлісу:
ТЖМ бөлімшесінің басшысы фельдшерден пара алғаны үшін сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

«Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 10 қыркүйекте № 2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. А.О. Махашева және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратова сотталды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Олар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін жеке тұлғадан айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы