ТЖМ бөлімшелері 10 мыңға жуық адамды құтқарды

1 Ақпан 2024, 11:30
577
Бөлісу:
ТЖМ бөлімшелері 10 мыңға жуық адамды құтқарды
Фото: ОКҚ

Төтенше жағдайлар кезінде құтқару бөлімшелері шамамен 9 310 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қыс мезгілінде ауа райының нашарлауына және жолдардағы көлік кептелістерге байланысты төтенше жағдайлар жиі болып тұрады. Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде сөз алған ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров қыста болған төтенше жағдайлар туралы айтты.

Қыстың басынан бастап 1 300-ге жуық автожол учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық 659 және 656 облыстық және жергілікті маңызы бар учаске. Мыңнан астам дауылды ескерту жарияланды, 5 мыңға жуық СМС және «Дармен» мобильді қосымшасында хабарламалар таратылды. Құтқару бөлімшелері шамамен 9 310 адамды құтқарып, эвакуацияды, оның 414-і балалар. Қар құрсауынан 1 232 бірлік техника шығарылды, - деді.

Сондай-ақ қар үйінділерінің салдары бірнеше облыста автожолдарда кептелістің болуына алып келді.

Жалпы қар үйінділерінің салдары Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының автожолдарында кептеліске әкеледі. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, дауыл туралы ескертулерді елемейтін, сондай-ақ жазғы дизельді пайдаланатын жүргізушілер негізінен қар құрсауында қалады, - деп атап өтті ол.

Маманның сөзінше, осыған байланысты ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы