ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы БҚО-ға көмекке шықты

14 Сәуір 2024, 08:28
316
Бөлісу:
ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы БҚО-ға көмекке шықты
Фото: скрин

Қарағанды қаласы ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы Қостанай қаласынан Батыс Қазақстан облысына көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта құтқарушылар № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Январцево елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде.

Жағалауды нығайту жұмыстары, сондай-ақ инертті материалы бар қапшық төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бірлескен жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы