Ұсталған қызметкері үшін ТЖК төрағасына сөгіс жарияланды

24 Қазан 2019, 13:26
2147
Бөлісу:
Ұсталған қызметкері үшін ТЖК төрағасына сөгіс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге Алматы қаласындағы "Селденқорғау Кұрылыс" директоры ұсталғаннан кейін сөгіс жарияланды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

7A0A1684.JPG
"Бұған дейін 2 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі Алматы қаласында 5 млн теңге сомасында пара алуға оқталу фактісі бойынша ҚР ІІМ ТЖК "Селденқорғау Кұрылыс" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын директорына қатысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған болатын", - деп мәлімдеді аға тергеуші.
Оның сөзінше, тергеу жұмыстары әлі аяқталмады. Десе де, қарамағындағы қызметкерінің құқық бұзушылығы үшін комитеттің бірқатар басшысы жазаланған. 
"Сол тергеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бергені үшін ІІМ бұйрығымен қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Төтенше жағдайлар комитеті кадр саясатының бастығы Е. Н. Мұхаметғалиев пен ТЖК төрағасының орынбасары Б. О. Дұзақбаевқа қатаң сөгіс, ал комитет төрағасы Владимир Беккерге сөгіс жарияланды", - деді ол.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кадр жұмысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Жақсымбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшілері қанша жалақы алатыны туралы айтқан болатын.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова агенттік алаңында өткен брифинг барысында мемлекеттік материалдық резервке талапқа сай келмейтін азық-түліктер қойылғанын хабарлады.

Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров Төтенше жағдайлар комитеті жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы баяндады. 
Өзгелердің жаңалығы