ТЖД: Ақтөбеде 1400-ден астам адам эвакуацияланды

Ақтөбеде ТЖД, ЖАО, ПД күштерімен бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 29 Наурыз 2024 2024, 08:31
29 Наурыз 2024 2024, 08:31
741
Фото: видеодан кадр

Ақтөбеде ТЖД, ЖАО, ПД күштерімен бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, 1417 адам эвакуацияланды, оның ішінде 623 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.

Еске салайық, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласы, Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындаған болатын.

Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.

Наверх