ТЖД алматылықтарға қатты жел туралы ескертті

15 Қараша 2022, 09:10
953
Бөлісу:
ТЖД алматылықтарға қатты жел туралы ескертті

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады: тауда жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД мәліметінше, 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Құтқарушылар қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және әлсіз күшейтілген құрылыстардың астында қалдырмауды ұсынды.

Сонымен қатар қатты желдің күшеюі кезінде мына әрекеттер ұсынылады:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үйде болыңыз);
  • егер сіз үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, балконнан үйіңізге зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
  • көшеде болсаңыз, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;
  • билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, сонымен қатар үйлердің қабырғасына тығылмаған дұрыс. Өйткені төбеден шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
  • күшті желде электр сымдарының астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау қауіпті.
Өзгелердің жаңалығы