Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мәлім еткендей, 4 000 адамға арналған шатыр да жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 арнайы және автомобиль техникасы, тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, 15 400 адамға арналған төсек-орын жабдығы, 4 000 адамға арналған шатыр броньнан шығарылды, - делінген комитет хабарламасында.
Материалдық құндылықтар Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК филиалдарынан шығарылды және Ақмола, Қостанай, БҚО және СҚО әкімдіктері мен ТЖД-ға берілді.