ТЖ вице-министрі селден қорғау бөгеттерінің құрылысын тексерді

19 Мамыр 2021, 18:45
2001
Бөлісу:
ТЖ вице-министрі селден қорғау бөгеттерінің құрылысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Ақсай өзенінің бассейнінде және Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысындағы Аюсай өзенінің сағасынан төмен орналасқан селден қорғау бөгеттерінің құрылысын тексерді. 

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖ вице-министрі селден қорғау бөгеттерінің құрылысын тексерді

Ақсай өзенінің жоғарғы ағысында 18 сел қаупі бар учаске, 25 мұздық, 16 мұздақ және мұздық көлдер орналасқан. Қазір қауіпті аймақта 30 000-нан астам адам тұрады. Ақсай өзеніндегі сел ағынының тікелей әсер ету аймағында тұрғын үй және әлеуметтік мақсаттағы құрылыстар, инфрақұрылымдық және инженерлік объектілер, оның ішінде стратегиялық және республикалық маңызы бар нысандар бар, - делінген хабарламада.


ТЖ вице-министрі селден қорғау бөгеттерінің құрылысын тексерді

Ақсай өзені бассейнінде селден қорғау бөгетін салу пионер лагерін, орманшылықты, саяжай алабын, Алматы қаласы елді мекендерін сел тасқынынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы ағысында 98 сел қаупі бар учаске, 89 мұздық, 19 мұздақ және мұздық көлдер орналасқан. Қауіпті аймаққа 1937 объект кіреді, онда 11 мыңнан астам адам тұрады. Бөгеттің құрылысы сел тасқынынан, нөсерлі және мұзды сел қатерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Шаруашылық жүргізу объектілері мен демалыс аймақтарын инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді.

Селден қорғайтын бөгет объектілерін салу мерзімі 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы