ТЖ. Уақытынан кешіккен төлемдер үшін айыппұл салынбайды - Ұлттық банк

7 Қаңтар 2022, 15:41
1239
Бөлісу:
ТЖ. Уақытынан кешіккен төлемдер үшін айыппұл салынбайды - Ұлттық банк
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі төтенше жағдайға байланысты банктер дүйсенбіге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы аталған телеарнаға ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлімдеді.

Әзірге тек банкоматтар ғана халыққа қолжетімді. Ал кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. Kaspi.kz, Halyk, Forte, Центр кредит, Алтын банк пен Home кредит өкілдері күні кеше осындай хабар таратқан еді. Бүгін бұлардың қатарына Альфа банк те қосылды. Олар қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді дейді, - деп хабарланды «Хабар 24»–тен.

Телеарнадан айтылғандай, аталған шешім елдегі жағдайға байланысты қабылданып отыр.

Банктен қарыз алғандар алаңдамауына болады, - деп сендірді Ұлттық банк.

Өзгелердің жаңалығы