ТЖ қарағандылықтарды тыныштық сақтауға шақырды

21 Қараша 2023, 18:50
525
Бөлісу:
ТЖ қарағандылықтарды тыныштық сақтауға шақырды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

23 қарашада Қарағанды облысында электр сиреналары қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды 23 қарашада сағат 12:55-те дыбыстық сиреналардың іске қосылуы туралы ескертеді.

Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін “Баршаның назарына!” белгісі бойынша 2023 жылғы 23 қарашада сағат 12:55-те барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, – делінген Төтенше жағдай департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, сиреналардың іске қосылуы "Қыс-2023" РКШЖ шеңберінде өтуде.

Өзгелердің жаңалығы