ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады – министрлік

9 Қаңтар 2022, 17:00
1693
Бөлісу:
ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар қалай жазаланатынын айтты. 

Тұрғымбаев қазақстандықтарды шектеу шараларына түсінушілікпен қарауға шақырды. 

Шектеу шараларына түсінушілікпен қарап, сабыр сақтауға шақырамын. Терроризмге қарсы операция өткізіліп жатқан орындарда сақтық шараларын сақтау қажет. Арандату мен алдауларға сенбей, күдікті оқиғалар орын алса полицияға хабарласуға шақырамын. Осылайша, құқық қорғау органдарына елдегі тәртіпті орнатуға жәрдемдесесіздер, - деді Тұрғымбаев. 

ІІМ міндетін атқарушы күрделі кезеңде жалған ақпарат таратушылар да жазаланатынын айтты. 

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ресми көздеріне ғана сену керек. ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар ҚК 274 бабының  4-тармағы бойынша үш жылдан 7 жылға дейін сотталады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы