Алматы, BAQ.KZ. ТЖ кезінде Алматыдағы өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 40 мыңнан аса өтініш келген.
Палата директоры Нариман Әбілшайықов төтенше жағдай кезінде Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы сенім телефондарына жауап беріп, бизнестің жазбаша өтініштерін еш назардан тыс қалдырмағанын айтады.Алматы қаласы бойынша төтенше жағдай және күшейтілген карантин уақытындағы басты екі жағымсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай қозғалысқа қойылатын шектеулер мен өндірістік қызметті шектеу болды. Осы орайда, қозғалыс шектеуі өндіріс тізбегін бұзды, - дейді ол.Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жедел желісіне 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін 42 618 өтініш келіп түскен, оның 35 201 – Сall-center арқылы, 5 344 – штаб мүшелерінің мобильдік нөмірлері арқылы. Электронды және қағаз түрінде 1 789 өтініш келген, одан бөлек әлеуметтік желілерде 284 сауал жолданған.
Кәсіпкерлер таарпынан жолданған сауалдардың мазмұны төмендегідей:
- 46% қаланың қозғалысы мен infoalmaty.kz сайтының жұмысына қатысты;
- 18% табысы жоғалған азаматтар үшін, әлеуметтік төлем (42,500 теңге) алуға қатысты;
- 14% қала шегінен тыс жерлерге шығу және басқа өңірлерден кіруге қатысты;
- 7% карантиннің күшейтілген режимін кезең-кезеңмен жеңілдетуге және ұйымдарды жұмысқа енгізу тәртібіне қатысты;
- 5% жалдау төлемдері бойынша кейінге қалдыруға немесе демалысқа қатысты;
- 3% форс-мажор жағдайлары туралы (форс-мажор) анықтама алу.
Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, Алматыда әсіресе қызмет көрсету саласы зардап шеккен. Мемлекеттік сектордан және денсаулық сақтаудан басқа, қаланың қызмет көрсету секторында барлық жұмыс күші шамамен 74% құрайды екен.
Қызмет көрсету секторының бөлігі шығынға ұшырағанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері растайды, онда 15 сәуірдегі жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер үшін 898 136 адам (қызметкерлердің 90%) жүгінген, олардың 447 363 (қызметкерлердің 49%) төлемдерді алды, - дейді Өңірлік палата директоры.