ТЖ: Білім беру депозиттеріне ешқандай шектеулер мен айыппұлдар салынбайды

12 Қаңтар 2022, 14:58
1002
Бөлісу:
ТЖ: Білім беру депозиттеріне ешқандай шектеулер мен айыппұлдар салынбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «AQYL» білім беру депозитіне ақша жинаған Қазақстан азаматтары өз қауіпсіздігіне сенімді бола алады. Яғни бұл депозит мемлекет тарапынан да, үшінші тұлғалар тарапынан да кез келген айыппұлдан қорғалған.

«AQYL» білім беру депозиттеріне ешқандай шектеулер мен айыппұлдар салынбайды. Бұл туралы ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстанда 2013 жылдан бері жұмыс істейді және республиканың кез келген азаматына өз атына немесе баласына білім беру жинақтау депозитін ашуға мүмкіндік береді. Салым тек бір мақсатқа ғана арналуы тиіс: жинақталған қаражат Қазақстанда немесе шетелде оқу ақысын төлеуге жұмсалуы керек, - делінген хабарламада.

Депозит ашқан жағдайда 9% банктік сыйақыдан басқа салымдар бойынша мемлекеттік сыйақы есептеледі. Мемлекеттік сыйлықақы мөлшері жылына 5%, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7% құрайды. Яғни салым бойынша табыстылық 16%-ды құрайды. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда республика бойынша жобаға қатысушы банктерде жалпы сомасы 22,6 млрд теңгеге 15 550 депозит қолданыста.
Сондай-ақ 8 млрд теңгеге тағы 6 332 депозит өз мақсатына игерілген. Оның ішінде 254 салымшы жиналған қаражатты шетелге білім алуға пайдаланған.

Өзгелердің жаңалығы