Тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болған

4 Мамыр 2021, 03:15
1499
Бөлісу:
Тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айында құрма ішіне тыйым салынған зат жасырып, түзеу мекемесіне жөнелткен, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Жазасын өтеушілердің туған-туыстарына түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілсе де, олардың түрлі қитұрқы әрекеттерге баруы толастамай тұр. Тараздағы ЖД-158/7 мекемесіне Шымкенттік азаматша қасиетті Рамазан айын сылтауратып,  сәлемдеме арқылы ерекше режимдегі мекеме аумағына рұқсат етілмеген заттарды өткізуге тырысқан. Мекеме қызметкерлері сотталғанның біріне келген сәлем-сауқатты жіті тексеру барысында «Финики» қорабындағы құрма ішіне жасырылған заңсыз заттарды анықтады, – делінген хабарламада.
Атап айтқанда,  қораптағы 16 дана құрма сүйектерінің орнына фольгаға оратылған жасыл түсті өсімдік тәріздес заттың жасырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, 3 дана құрмадан 3 микро флэшка, 1 дана құрмадан 1 дана USB шнур табылды. 

Қазіргі таңда оқиға орнына Тараз қалалық 1-ші полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, сот –химиялық сараптама тағайындалды.



Өзгелердің жаңалығы