Тыныштықтан айырылып қалмаймыз ба? Депутат проблеманы ашып айтты

6 Сәуір 2023, 16:34
1494
Бөлісу:
Тыныштықтан айырылып қалмаймыз ба? Депутат проблеманы ашып айтты
Фото: theopenasia.net

Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Депутат Мұрат Әбенов заң жобасының тиімсіз тұстарын ашып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін заң жобасын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырғанын жазған болатынбыз.

Осы заңның бірінші жобасын 2009 жылы басқарған едім. Содан бері есімде қалған бір-екі күрделі мәселе бар. Бұл мәселенің шешілмей қалып тұрғанын білемін. Біз унитарлы мемлекетпіз. Президенттен атқарушы билікке дейін мемлекеттік саясатты жүргізуіміз керек. Бұл жерде үлкен қауіп бар. Кеңес деген әр елді-мекеннің ерекшелігі ғой... Ертең кеңесті сайлағаннан кейін әкімнің жұмыстарына, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен түскен қаржыға бақылауды кеңеске беріп отырсыз, - деді ол.

Мұрат Әбенов қарым-қатынастың анық емес екенін айтады.

Құжатта екі билік бар. Яғни атқарушы билік (әкім) және өкілетті билік. Ол анық жазылмаған. Барлығын араластырып жібергенсіздер. Бұл жерде қаржыны бөлуге назар аударылған. Ал дау-дамау кеңесті сайлаудан басталады. Сосын әкім мен кеңес төрағасының арасындағы қарым-қатынас дұрыс жазылмаған. Айқай-шудың көкесі сол кезде болады, - дейді Мәжіліс депутаты.

Ол Ұлттық экономика министрлігінің өкіліне әр ауылдарда жағдай қалай болатынын елестетіп көруді ұсынды.

Тыныштықтан айырылып қалмаймыз ба? Сеператизмнің көкесі сол кезде болмай ма? Байқау керек. Кеңесті күшейтіп жібереміз де, «биліктің заңдары орындалмайды», «қаржыны былай бөлеміз», «мынаны былай бақылаймыз», «әкімді қабылдамаймыз, қайтарамыз» десе не істейміз? Сол кезде орталық ауданға, облысқа бағынбайтын ауылдар пайда болады, - деп айтты Мұрат Әбенов.

Өзгелердің жаңалығы