Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде жаңа технологиялар ерекше назар аудартты. Баспасөз орталығында журналистерді қарсы алып, сауалдарына жауап берген робот “Сяо Хэ” (Xiao He) көпті таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі Тяньцзинен.
Робот арнайы ақпараттық орында тұрып, саммитке келген тілшілерді қарсы алды. Ол баспасөз аймағы бойынша кеңес беріп, шараларының тәртібі мен жұмыс барысын түсіндірді.
Көптілді біледі және эмоцияны тани алады
“Сяо Хэ” қытай, ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлей алады. Бұл оны халықаралық форумда әмбебап көмекшіге айналдырды. Сонымен қатар ол адамның эмоциясын тануға қабілетті. Ішкі алгоритмдері арқылы сөйлесушінің көңіл-күйіне сай жауап қатады.

Жасанды интеллектке негізделген робот сұрақтарды дереу талдап, хаттамалық талаптарға сәйкес әрекет етеді. Ауқымды деректер базасы мен бейімделген оқу модульдері оның дәлдігі мен бейтараптығын қамтамасыз етеді.
Өзін қалай таныстырды?
Баспасөзге сөз алған сәтінде робот былай деді:
.jpeg)
Мен – Сяо Хэ, 2025 жылғы Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитіне арнайы жасалған озық гуманоидты жасанды интеллект ассистентімін. Мен көптілді қолдау көрсетемін, ақпаратты жедел өңдеймін және протокол аясында әрекет етемін, – дейді ол.
.jpeg)
Саммиттің баспасөз орталығында мұндай роботтардың болуы Қытайдың технологиялық жетістігін және халықаралық іс-шараларға жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатқанын көрсетті. Бұған қоса, тағы бір робот волонтёрлерге балмұздақ таратып, қатысушыларды тәнті етті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025 жылғы саммиті аясында Тяньцзинь қаласында заманауи медиаорталық ашылды. Алаңы 12,8 мың шаршы метрге жететін орталықта әлемнің түкпір-түкпірінен келген үш мыңнан астам журналист үшін барлық жағдай жасалды.

Медиаорталықта журналистерге арналған сегіз функционалды аймақ ұйымдастырылды.
.jpeg)
Мұнда жұмыс орындары, брифинг залдары, фотожөнелту және жедел жаңалық таратуға арналған алаңдар бар. Сондай-ақ демалыс пен тамақтану орындары қарастырылып, сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.

Саммит кезінде 10 шақты университеттен мыңға жуық волонтер тартылды. Олар журналистерді қарсы алып, тіркеуден өткізді, көлікпен қамтамасыз етіп, логистикалық мәселелерді үйлестірді. Жас көмекшілер медиаорталық жұмысының үздіксіз жүруіне елеулі үлес қосты.
.jpeg)
Саммит барысында ресми тұлғалардың қатысуымен алты брифинг өткізу жоспарланған. Журналистер үшін дәстүрлі мәдениет пен жаңа технологияны ұштастырған арнайы интерактивті аймақтар жасақталды.
.jpeg)