Түзеу мекемесінің қызметкерлері бес сотталушының өміріне араша болды

26 Қазан 2022, 13:02
7156
Бөлісу:
Түзеу мекемесінің қызметкерлері бес сотталушының өміріне араша болды
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі түзеу мекемелерінің қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған бес сотталушыны аман алып қалды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сала мамандарының айуынша, жазасын өтеушілер арасындағы осы тектес оқиғалар жыл сайын қайталанады. Өмірімен қош айтыспақшы болғандар әдетте сот үкімімен келіспей, күйзеліске ұшыраған кезде асығыс шешім қабылдайды. Салдарынан өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. 

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиеваның айтуынша, қайғылы оқиғаларды алдын алу бағытындағы шаралар күшейтілген. Психологтар мен өзге мамандар сотталушылармен профилактикалық кездесулер өткізіп, эмоционалдық күйзеліспен күресуге көмектеседі.

Түзеу мекемесіне келген әр азамат мамандардың бақылауында болады. Мінез-құлығы өзгеріп, күйзеліске ұшырағаныны байқалса, психологтарды жұмысқа тартамыз. Жеке және топтық жиындар өткізіледі. Сотталушы колонияның психологына сенімсіздік білдірсе,, мамандарды сырттан шақыртуға да мүмкіндік бар, - дейді Гүлжан Әбдуғалиева.

Мәселен, бірнеше апта бұрын бір азамат өмірімен қош атйыспақшы болды. Абырой болғанда, қызметкерлер бейнебақылау камерасы арқылы байқап, оқиға орнына дер кезінде жетті. Осы күнге дейін сотталушымен кешенді жұмыс атқарылды. Бүгінде эмоциналды жағдайы тұрақталды. 

Осындай деректерді болдырмау мақсатында колониялар ғимаратының іші-сыртын бейнебақылау камераларымен қамуту маңызды. Бос аумақтар болмағаны дұрыс. Қазіргі уақытта мекемелерде «Жаппай бейнебақылау» жобасы жүзеге асырылып жатыр. қазіргі уақыта колонияларде 600 құрал орнатылған. Барлығы жұмыс істеп тұр. Ал бос зоналарды болдырмау мақсатында тағы 1600 камера сатып алынбақ, - дейді мамандар.

Жазасын өтеушілерді еңбекпен қамту да маңызды. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару мекемелерінде жиһаз, металл конструкцияларын өндіру оң жолға қойлыған. Сонымен қатар,  экологиялық ойыншықтар жасау мен тігін цехтары жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы