Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тұздың пайдасы мен зиянын білесіз бе?

15 Мамыр 2025, 10:19
5689
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Тұз - адам рационындағы ең көне және қажетті өнімдердің бірі. Онсыз біздің денеміздегі бірде-бір жасуша қызмет ете алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ДСМ баспасөз қызметі тұздың пайдасы мен зияны туралы көпшілікті хабардар етеді. 

Тұздың пайдасы:

- Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді және қан қысымын қалыпты ұстайды.

- Жүйке импульстерінің берілуіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады.

- Тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидың жұмысына қажет.

- Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларының алдын алуға көмектеседі.

 

Тұз зиянды бола бастаған кезде:

- Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.

- Ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күш түсіруі мүмкін.

- Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупінарттырады.

- Көбінесе дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) жасырылады және біз нормадан қалай асып кететінімізді байқамаймыз.

Қанша тұз қажет?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне тұзды 5 г-нан асырмауды ұсынады – бұл, шамамен, бір шай қасық тұз.

Кеңес:

- Тамаққа тұзды көп салмай, тұзды дәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.

- Қаптамадағы өнімнің құрамын оқыңыз – тұз мөлшеріне назар салыңыз.

- Егер созылмалы аурулар болса – тұз тұтынуды бақылау өте маңызды.

Егер сіз тұзды бақылауда ұстасаңыз, тұз - жау емес. Барлығы тепе-теңдікке байланысты. 

Өзгелердің жаңалығы