Тұтынушылық несие деңгейі жоғары болған жақсы емес – маман

10 Қыркүйек 2024, 12:33
877
Бөлісу:
Тұтынушылық несие деңгейі жоғары болған жақсы емес – маман
Фото: автордан

Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов еліміздегі бизнеске несие беру деңгейінің төмен екеніне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономикалық теорияға жүгінетін болсақ, тұтынушылық несиенің деңгейі жоғары болған жақсы нәрсе емес. Себебі ол несиені халық алып, тез арада тұтынады. Ұзақмерзімді, экономикалық әсері болмайды, - деді ол. 

Ерділда Таутенов нақты секторды қаржыландыру ұзақмерзімді әсер беретінін жеткізді. Бизнесті қаржыландыру жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жаңа зауыттардың салынуы мен жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты. 

Осы орайда, маман банктерді нақты секторды қаржыландыруға ынталандыру шаралары іске асу керегін атады. 

Қазір Салық кодексі жасалып жатыр ғой, мүмкін сол жерде банктерді ынталандыратын шаралар қарастыру керек деп ойлаймын. Банктер мен Қаржы нарығын зерттеу және дамыту агенттігі бірлесе отырып, әлемдік тәжірибені зерттеп, барлығын қанағаттандыратын алтын ортаны табу керек, - деді Таутенов. 

Ол бұл туралы Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі мәселелерін талқылауға арналған ашық диалогта айтты.

Өзгелердің жаңалығы