Тұтынушылардың электр энергиясына деген сұранысы толық қамтамасыз етіліп отыр – Мұқатов

12 Қараша 2021, 11:36
854
Бөлісу:
Тұтынушылардың электр энергиясына деген сұранысы  толық қамтамасыз етіліп отыр – Мұқатов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы еліміздің бірыңғай энергожүйесіндегі жағдай туралы өткен брифингте «KEGOC» АҚ Жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчеры Бекжан Мұқатов айтты.

Қазақстанның бірыңғай экожүйесі қазір Ресей және Орталық Азия елдерімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Энергия тұтыну көлемі 15 мың мегаВатт көлемінде тұр. 8 қарашада Мойнақ гидроэлектр стансасындағы екі машина да іске қосылды. Кеше 200 мВаттық Жамбыл ГРЭС іске қосылды. Бұл елдің сұранысын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатыр. Биыл өткен жылмен салыстырғанда тұтыну 7,2 пайызға артты. «KEGOC» жүйесінде өшіп қалулар жоқ. Тұтынушылар электр энергиясымен толық қамтамасыз етіліп отыр, - деді Мұқатов.
Ал «KEGOC» АҚ Жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы дистпетчерлік қызметі басшысының орынбасары Нияз Алпысбаев атап өткендей, қазіргі жағдай тұрақты қадағаланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы