Саясаттанушы: Елбасының барлық бастамасы халық игілігіне бағытталған

26 Қараша 2020, 15:29
1593
Бөлісу:
Саясаттанушы: Елбасының барлық бастамасы халық игілігіне бағытталған
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» халықаралық дөңгелек үстелі өтті.

прок.jpeg

Заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  өткен дөңгелек үстел барысында Елбасының барлық бастамасы халықтың игілігіне бағытталған айтты.
Барлық халықаралық ұйымдар егемендіктің қалыптасуын Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және  оның мәртебесімен байланыстырады. Астана декларациясына 20 жыл бойы ешкім қол қоймады. Елбасының мәртебесінің арқасында Астана декларациясына халықаралық қауымдастық назар аударды, - деді ол.
Бәшімов айтып өткендей, Конституция негізінде жазылған барлық ереже тұрақтылықтың белгісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты  Елбасы қалаған саясат негізінде  жүзеге асырылып жатыр. Елбасының ел үшін жасаған барлық бастамасы халық пен қоғамның игілігі үшін жасалды, - деді Бәшімов.
Өзгелердің жаңалығы