Түскі астан үнемдеп, көлік сатып алуға болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РБК&nbsp;басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де&nbsp;жұмыс істейтін отбасы 8&nbsp;ай 21&nbsp;күнде автокөлік сатып алады-мыс.</h4>

15 Қараша 2020 2020, 19:48
АВТОР
 15 Қараша 2020 2020, 19:48
15 Қараша 2020 2020, 19:48
2228

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РБК басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы 8 ай 21 күнде автокөлік сатып алады-мыс.

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымыен сандыққа салынады.

Ал енді бұл зерттеуді Қазақстанға икемдесек, біздің елдегі жағдай да осыған ұқсайтынын аңғарамыз. Біздің елде жүрілген машинаның орташа бағасы 2 млн теңге шамасында десек, Статистика комитетінің есебі бойынша орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен. 

Алайда айлық мөлшері әр өңірде әртүрлі. Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облысында — 386.7 және 317.7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда — 282.5 мың теңге, Алматыда — 238.7 мың, ал Шымкентте — 164.2 мың теңге. Дегенмен ресейлік мамандардың кеңесіне сүйеніп, артық шығын шығармай, ақша жинағандар жоғарыда аталған мерзімде ескілеу болса да, жүретін көлік сатып ала алады.

Наверх