Түсіпов стационарлық полиция бекеттері туралы айтты

28 Маусым 2021, 11:34
2196
Бөлісу:
Түсіпов стационарлық полиция  бекеттері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

Полицияның стационарлық бекеттері - бұл полиция қызметкерлерінің тұрақты қатысуын қамтамасыз ету жолымен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын патрульдік-бекеттік қызмет атқарудың негізгі нысаны. Стационарлық полиция бекеттері оқшауланған тұрғын үй алқаптарында, азаматтар көп болатын жерлерде, ІІО орналасқан жерден алыс қалалық аумақта, құқықтық тәртіпті тиімді қорғау және азаматтардың полицияға көмек сұрауы қиын криминогендік және басқа жерлерде орнатылады, - деді Түсіпов.

Оның айтуынша, полиция бекеті қызмет көрсететін аумақ нақты жағдайларға сүйене отырып айқындалады.

Бекет орталығы бақылау жүргізу және жедел шаралар қабылдау неғұрлым ыңғайлы жерде айқындалады. Барлық орнатылған посттар бірдей, олар жұмыс аймағынан және ас үй мен жуынатын бөлмеден тұрады. Бұл бекеттер бейнебақылау, жарықтандыру, жылыту, желдету, су құбыры, санитариялық торабы бар кәріз жүйелерімен, өрт-күзет сигнализациясымен, дербес компьютермен және басқа да қызмет атқару үшін қажетті дүниелермен жабдықталған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы