Тұрсынбай Құлахметтің титулды жекпе-жегін қайдан көруге болады

11 Қараша 2020, 19:25
1206
Бөлісу:
Тұрсынбай Құлахметтің титулды жекпе-жегін қайдан көруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Оңтүстік Киркбиде (Ұлыбритания) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 KO) жергілікті боксшы Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жұдырықтасады.

Бұл кездесуде бірінші орта салмақта WBC International титулы сарапқа салынады. Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық атаққа таласқалы отыр.

Кештің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:20-да басталады. Кеш аясында жеті жекпе-жек өтеді деп жоспарланғанын.

Айта кетейік, Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы дебютін тамыз айында өткізді. Ол кезде отандасы Сағадат Рахманқұловты (6-2, 4 КО) төртінші раундта жеңген болатын. Ал Маколей соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын, 2019 жылдың тамызында өткізген. 

Өзгелердің жаңалығы