Тұрмыстық қалдықтан өнер туындысын жасаған

11 Қазан 2022, 13:33
2792
Бөлісу:
Тұрмыстық қалдықтан өнер туындысын жасаған

Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, оны ерекше туындыға айналдырып жүрген жас өнерпаз тұрады. Ерекше туындыға қызығушылық танытып, Софиямен саф өнері туралы аз-кем әңгімелескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

– София, бұл өнер қызығушылықтан туған дүние ме? Қай уақыттан бері айналысып келесіз?

–  Дәстүрлі сурет салумен бала кезімнен, диджитал өнермен 5 жылдан аса уақыт айналысып келемін. Бейнелеу өнерінің барлық бағыттағы салу түрлерін үйренгенмін. Ал иллюстрация жасауды мектептерде сабаққа арналған отандық көрнекілік материалдар мен тақырыптық иллюстрациялар санының аз болғанынан қолға алдым. Себебі иллюстрация оқырманға мәтінді жақсырақ түсінуге көмектесіп, оқуды мәнерлі және түсінікті етеді. Арнайы графикалық бағдарламаны профессоналды түрде үйренуді Жапон, Корей, Еуропа елдерінің профессионалды иллюстраторларының мамандырылған Арт жапон, корей мектептері мен авторлық оқытушылар тәжірибелерінен игердім.

Тұрмыстық қалдықтан өнер туындысын жасаған

– Экологиялық бұйымдарды қалай жасайсыз? 

– Көбіне мен кондитерлік қаптамалар мен әрбір үйде кездесетін тұз, күріш, т.б. қаптамасын қолданамын.Бұйымдар арқылы мен жастарға кез келген затты қайта өңдеуге болатынын көрсете отырып, мотивация беремін. Кейбір картиналарымда жергілікті табиғатты бейнелеймін. Арал теңізінің тағдыры мен Сырдария өзенінің қазіргі жағдайына бейжай қарамай, картина арқылы көрсетемін. Қызылорда облысындағы экологиялық ахуалды сурет арқылы жеткізу өте маңызды деп ойлаймын. 

– София, Дисней мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді қазақы нақышта әлемге танымал етіп жүр екенсіз...

– Цифрлық иллюстраторлар кейіпкерлерді заманауи, ұлттық киіммен жиі бейнелейді. Дисней мультфильмдерінде интерьер, пейзаж, кейіпкердің бет-бейнесі мен костюмдері ұсақ-түйек бөліктеріне дейін ар­найы ойластырылады. Меніңше әр иллюстратор диснейлік болуды армандайды. Бірақ ол деңгейге жету үшін әрдайым шебер­лікті шыңдап, тынбай іздену қажет. Менде даңқты Диснейдің Мирабель, Динь-динь, София ханшайым сынды кейіпкерлерін ұлттық киіммен бейнеледім.

Тұрмыстық қалдықтан өнер туындысын жасаған

Әр кейіпкер – бөлек әлем. Дисней туындыларын жақсы көретін қазақ баласы үшін қазақы нақыштағы кейіпкерлер де ерекше әсер сыйлайтыны анық.

– Бір сұқбатыңызда ұлттық күресімізді жазғы олимпиада бағдарламасына енгізуді мақсат етемін деген екенсіз. Жалпы болашақта қандай жоспар, мақсаттарыңыз бар? 

– Қазақ күресі – қазақ халқының ең көне спорт түрі. Төл өнеріміз қазақ күресін дамыту баршамыздың міндетіміз. Қазақ күресі төрткүл дүниеге танымал болуы үшін теориялық кітаптар, әдістемелік жинақтар дайындалуы өте маңызды. Сондай-ақ, кітап беттерінде толыққанды мәліметтермен бірге иллюстрациялар болуы тиіс. Осы мақсатта қазақ күресі жайлы балаларға арналған танымдық кітапқа арналған иллюстрациялар жасаудамын. Оны балаларға төл өнеріміз жайлы ақпарат беретін кітапша ретінде шығару жоспары бар.

Тұрмыстық қалдықтан өнер туындысын жасаған
Өзгелердің жаңалығы