Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Психологтар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құрал әзірленді

25 Мамыр 2021, 16:51
4147
Бөлісу:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Психологтар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құрал әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан әйелдері» қоғамдық ұйымының президенті Гүлнар Байымбетова «отбасындағы жұп арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» жобасының қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Пандемия Жер халқының 80 пайызының өмірі мен қызметіне әсер етті. Миллиардтаған адам локдаунда отырды. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықты ушықтырып жіберді. ІІМ тергеу департаментінің мәліметінше, тек біздің елде 2020 жылдың наурыз-тамыз айларында тұмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс саны 41 пайызға ұлғайды, - деді Байымбетова.

Оның айтуынша, бұл 2009 жылғы желтоқсандағы «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ҚР заңына өзгеріс енгізу қажетін айқындап берді.

Мемлекет бұл мәселеге әсер етті. 2020 жылы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру заң жобасы талқыланды. Осылайша заң жобасы жетілдірілді. Елімізде дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіледі. Психологиялық көмектің нәтижелері көрсеткендей, психологтар аталған сала бойынша жұмыс істеуді меңгермеген. Бұл көрсетілген қызметтің сапасы мен мамандардың кәсіби шаршауына алып келеді, - деді ол.

Гүлнар Байымбетова Қазақстанда 36 ЖОО 42 білім беру бағдарламасы бойынша оқытатынын айтты.

Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін психологтар даярланбайды. Осы орайда қазақстандық мамандар мен заңгерлер, тәжірибелі мамандар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Майра Қабанованың бастамасымен «Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық теориясы мен практикасы» оқу-әдістемелік құралын әзірледі, - деді ол.

Байымбетова атағандай, аталған оқу-әдістемелік құрал «отбасындағы жұп арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» әлеуметтік жобасы аясында әзірленді.

Бұл құрал психологтар мен студенттерге де тиімді әрі қызықты болады. Әлеуметтік жоба 2020 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты - даулы отбасылармен жұмыс істейтін мамандарды, дағдарыс орталықтарының қызметкерлері мен психологтарды оқыту. Құрбандар мен агрессорларға көмек көрсетуді көздеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы