Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының колониясында колония қызметкерлері бал құйылған ыдыстан телефон тауып алды. Оны пошта байланысы арқылы сотталғандардың біріне беріп жіберген, деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті.
Тұрмыста қажетті көптеген заттардың ішінде бал салынған банкаға қаскүнемдер телефонды, зарядтағышты және құлаққапты жасыра алды. Алайда, сотталушыға жоспардан тыс "бал айын" ұйымдастыру идеясын өзіне жүктелген міндеттерді адал орындайтын түзеу мекемесінің жауапты және мұқият қызметкерлері тоқтатты. Сәлемдемені жіберуші поштада болған кезде, мазмұнын қалыптастырғаннан кейін, жіберуге тыйым салынған заттардың арасында ештеңе жоқ екендігі туралы қолхат береді. Өз кепілдіктеріне сай келмейтін сәлемдемені жөнелтушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналып, сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілетін болады, – деді әділет майоры Руслан Тоқтыбаев.
Сотталғанға тиесілі сәлемдемені тексеріп, табыс ету барасында ШҚО бойынша ҚАЖД-нің ОВ-156/18 мекемесінің қызметкерлерімен ұялы телефон және оған қосымша заттар анықталды.
Сәлемдеме пошталық байланыс қызметі арқылы, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың біреуінің атына келіп түсті. Әдеттегідей, қорап құрамын табыс етпестен бұрын жүргізілетін тексеру шаралары кезінде тыйым салынған заттар анықталып отыр, – дейді тәртіп бөлім бастығы әділет майоры Байханов Даурен Аманғалиұлы.
Қорап ішіндегі тияқтанып орналастырылған бал ыдысының ішіне зұлым пиғыл иелері телефон оның куаттағыш және аудиогарнитураны айлакерлік тәсілмен амалдап, салып қойған екен.
Алайда, мекеме қызметкерлерінің қызметіне жауапкершілікпен қарауы және қырағылық танытуы біреулер үшін кезектен тыс "бал айын" ұйымдастыру жоспарын жүзеге асыруға кедергі тудырды.
Сәлемдеме жөнелтуші тұлға пошта бөлімшесінде қорапты толтырып болғаннан соң, оның ішінде ешбір заңға қайшы зат салмағандығы жөнінде кепілдік беріп, қолхат ұсынады. Осындай кепілдігіне берік емес тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде материал жасақталып, сот органдарына тиісті шешім қабылдау үшін жөнелтілетін болады, – дейді мекеме бастығының тәртіп және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Руслан Тоқтыбаев.Тыйым салынған әрекетті тыюдың орнына оны айналып өудің тылсым тәсілдерін іздеумен әлек болушылар өз әрекеттерімен жаза өтеушілерге жанашырлық танытып емес, керісінше, олардың жаза өтеу ережелерін бұзуға итермелейтіндігін түсінсе – бұл бағыттағы жемісті жұмыстың бастамасы болар еді.