Елдің 10 өңірінде бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталды, олар түрмелерге есірткі жеткізіп отырған. 21 қаңтарда Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп үлкен арнайы операция өткізді, операция прокурорлық органдардың үйлестіруімен жүзеге асты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыскерлер есірткілерді түзеу мекемелеріне жеткізу арнасын ұйымдастырған және бопсалау әрекеттерімен айналысқан.
Операция барысында 118 қылмыстық топ мүшесі ұсталды, олардың ішінде 13 қылмыстық орта өкілі бар. 100-ден астам тінту жүргізілді. 3 Калашников автоматын, 2 травматикалық тапаншаны, оқ-дәрілерді, 11 кг-нан астам есірткі мен "қара" құжаттарды тәркіленді.
Ұсталғандар арасында алыс және жақын шетелдердің қылмыстық орта өкілдері болғанын атап өткен жөн. Оперативтік шаралар жалғасуда, - деп хабарлады ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуаныш Алпыс.