Түрмеде азапталған адамның жағдайы ерекше бақылауға алынды

5 Қыркүйек 2023, 13:22
1431
Бөлісу:
Түрмеде азапталған адамның жағдайы ерекше бақылауға алынды
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сотталған Т.Дәнебаевтың жағдайы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ерекше бақылауында, деп хабарлайды BAQ.KZ уәкілдің баспасөз қыхметіне сілтеме жасап.

Жақында әлеуметтік желілерде сотталған азаматты түрме қызметкерлері азаптап жатқан видеосы тараған болатын. 

Видео материалға Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Динара Тәженова бірден жауап берді. 

Бізде 2013 жылдан бастап азаптаудың алдын алудың Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) бар. Ақмола облысы бойынша ҰАТ тобы мекемеге барды. Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша есеп дайындалуда. Іс ҚР ҚК 146-бабы бойынша Ақмола облысының прокуратурасында тіркелген және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ерекше бақылауында, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы