Түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Тоқаев қиналып жүргендер туралы айтты

25 Ақпан 2021, 12:17
1537
Бөлісу:
Түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Тоқаев қиналып жүргендер туралы айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарына медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуды тапсырды.

Маңызды міндеттердің бірі - мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді алу өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды,– деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жұмыс тәсілін тез арада өзгерту керек.

Бірыңғай ақпараттық база құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйені неге жасамасқа? Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керек. Бұл жұмысты жеделдету қажет. Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы