Түркияның ешбір елмен шешілмейтін проблемасы жоқ –  Ердоған

26 Желтоқсан 2020, 20:19
2882
Бөлісу:
Түркияның ешбір елмен шешілмейтін проблемасы жоқ –  Ердоған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Президенті Тайып Ердоған әлемдегі кез-келген елмен, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай, ЕО және көршілес елдермен шешілмейтін проблемалары жоқ екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Біздің ешқандай елмен - АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа немесе  көршілес мемлекеттермен бірігіп шешілмейтін проблемамыз жоқ. Бүгінгі таңдағы жағдай Түркияның мықтылығын көрсетеді. Бұл жаңа жаһандық архитектурада экономикалық және саяси тұрғыдан өзінің лайықты орнын алады, - деді Ердоған Анкарада сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, «Түркияны нығайғанын қаламайтындар бар, бірақ  ұлы және күшті держава болу жолында олар зиян келтіре алмайды».  

Біз егемендігіміз бен әлеуетіміз құрметтелген жағдайда бәрімен келіссөздер жүргізуге дайынбыз,- дейді Түркия президенті.

Өзгелердің жаңалығы