Түркияның Эгей теңізінде 6 заңсыз мигрант қаза тапты

25 Қыркүйек 2022, 17:52
949
Бөлісу:
Түркияның Эгей теңізінде 6 заңсыз мигрант қаза тапты

Сенбі күні Эгей теңізінде құтқару салы батып, кем дегенде 6 заңсыз мигрант қаза тауып, 15 адам құтқарылды деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Түркияның жағалау күзеті хабарлады.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де солтүстік-батыстағы Чанаккале провинциясының маңында болды, - делінген хабарламада.

Мигранттардың жалпы саны, сондай-ақ олардың бағыты көрсетілмеген. Мәлімдемеде адамдардың әлі де суда қалуы мүмкін болғандықтан теңіздегі іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы