Түркияның Эге аймағы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

19 Қараша 2023, 00:20
600
Бөлісу:
Түркияның Эге аймағы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Фото: gov.kz

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев пен Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Айдын және Измир провинциялары әкімдері, облыстық полиция, көші-қон қызметі және жоғары оқу орындарының басшылығы, сондай-ақ өңірлердің жетекші бизнес өкілдерімен кездесті.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және өңірлер аралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Айдын қаласының Аднан Мендерес атындағы университеті мен Измир қаласының Докуз Эйлюль университетінің жетекшілері мен аталған оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттермен болған жиын барысында қазақ жастарының оқу процессі, оқу кезеңінде уақытша тұру және тұрмыс-жай сұрақтары тілге тиек болды.

Экономикалық дипломатия бағытында Айдын және Измир аймақтарының ең ірі 100 іскерлік топтары қатарындағы 19 әлеуетті инвесторлармен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Түрік компанияларының Қазақстанда жылыжай құрылғылары, өсімдік майы, ауылшаруашылығы техникасы, сүт өндірісі, метал бұйымдары, балық және көкөніс өнімдерін өңдеу жобаларына инвестиция салуға бағытталған Қазақстанға сапарлары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы