Түркияның Денсаулық сақтау министрі Ердоғанның денсаулығы туралы айтты

28 Сәуір 2023, 17:20
973
Бөлісу:
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Ердоғанның денсаулығы туралы айтты
Фото: Фарида Багирова/1news.az

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахраттин Қожа ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның денсаулығы қазір қалыпты жағдайда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, президент асқазан-ішек жолдарының қабынуына душар болған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Мен бүгін таңертең оның жанында болдым. Оның жағдайы жақсы, қалыпты, - деді Фахраттин өз сөзінде. 

Сондай-ақ министр мемлекет басшысы қазір ауыр халде жатыр және саясаткерде инфаркт болды деген кейбір халықаралық агенттіктердің таратқан ақпаратын жоққа шығарды. 

Ел президенті жұмысына кірісіп, кезекті шараларға қатысуын жалғастыруда, - деді ол. 

Естеріңізге салайық, таяуда Түркия президенті тікелей эфир кезіндегі сұхбатын шұғыл тоқтатқан болатын. 

Сөйтіп, сайлауалды бірқатар шараларын кейінге қалдырған. Саяси маңызды жиындарға ол қазір онлайн қатысып жүр. Түркияда президенттік және парламенттік сайлау мамырдың 14-іне жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы