Түркиядан елге 28 келіден асатын зергерлік бұйымдар әкелмек болған азамат ұсталды

26 Қазан 2022, 10:37
8167
Бөлісу:
Түркиядан елге  28 келіден асатын зергерлік бұйымдар әкелмек болған азамат ұсталды

ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Стамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген. 

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өзгелердің жаңалығы