Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 113 адамға жетті

4 Қараша 2020, 11:33
1452
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 113 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Құтқарушылар Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін тұрғын үйлердің үйінділері астында қалғандарды іздестіру жұмыстарын әлі жалғастыруда.

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы жер сілкінісі құрбандарының саны 113 адамға жеткені туралы жаңа мәліметті жариялады. Бұл туралы 4 қараша, сәрсенбіде ТАСС жазды. 

Зардап шеккендердің саны да өсті - 1035. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың көпшілігі ауруханалардан шыққан, бірақ 137 адам әлі де медициналық мекемелерде ем қабылдауда. Бұған дейін Түркия Президенті Тайып Ердоған 110 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Жойқын жер сілкінісі өткен жұмада, 30 қазанда тіркелді. Апаттың эпицентрі теңізде тіркелген. Сейсмологтар оның магнитудасын 6,6 деп бағалады. Негізгі соққыдан кейін мыңнан астам соққы қайталанған.

Табиғи апат салдарынан Измир қаласында 20-дан астам тұрғын үй қираған. Құтқарушылар әлі күнге дейін тұрғын үйлердің үйінділері астында қалғандарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы